Менің атым – Утегенова Камиля Чингизкызы. Мен 1994 жылдың 19 қыркүйек айында Алматы қаласында дүниеге келдім. 2012 жылы О.Жәәутіков атындағы РМФМОМИ-ды тәмамдап, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің филология және аударма факультетіне түсіп, ілеспе аудармашы мамандығы бойынша білім алдым. 2018 жылы осы университетте магистратураны аяқтадым. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ағылшын тілі оқытушысы болып жұмыс істеймін. Осы уақыт ішінде 15 ғылыми мақалалар жарық көрді, олардың ішінде: “Description of emotional vocabulary in political discourse and its translation”, 2023 ж.; “Ағылшын тілінен қазақ тіліне БҰҰ ілеспе мәтіндерін аудару барысында эмотивтілікті білдірудің лексикалық бірліктері”, 2023 ж.; “Modern methods of teaching a foreign language”, 2023 ж. (Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы журналы). Сондай-ақ СКОПУС мақалам 2023 жылы жарық көрді: • “New Art Therapy Technology – Quilling” (Harmonia: Journal of Arts Research and Education, December 2023); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушымын және білім беру мен тілдерге ерекше құштарлығым бар. Жұмыс барысында TOEFL сертификаты мен басқа да тілдік біліктілікті растайтын сертификаттар алып, үлкен жетістіктерге қол жеткіздім. Магистр дәрежені иемдене отырып, білім мен дағдыларымды жетілдіруге әрқашан ұмтыламын.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
ҚазХҚӘтУ |
Жоғары |
2016 |
1
құжаттар
0